Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Венгриялық саяхатшылар ЭКСПО-2017-ге жылқымен жетпек

14.06.2017
11:00:48
277

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов Венгрия Республикасының экспедицияшылары Иштван Бенце және Ласло Цакомен кездесті.

Саяхатшылар атпен Астанадағы көрмеге 15 күнде жетуді көздеп отыр. Маңғыстау облысынан жолға шығатын олар Ақтөбеге дейін 750 шақырымды жүріп өтеді. Сапар 16 маусым күні Ақтау қаласынан басталып, 18 тамыз Астанада аялдайды деп жоспарланған. Бағыт Ақтау-Ақтөбе-Қостанай-Астана бойынша жүреді. Одан әрі саяхатшылар Монғолияға аттанып, Қытайға дейін жетпек. Оларға өңірімізде «Ат спорты клубы» ЖШС  бағыт көрсетіп, жолға шығарып салатын болады.

Иштван Бенценің бұл Қазақстанға үшінші рет келуі. Өткен жылы ол Сербия-Болгария-Түркия-Грузия-Әзірбайжан-Астана бағытындағы саяхатқа қатысқан. Ал алғашқы сапарын 2009 жылы «Алтын адамнан Аттилаға дейін» (6700 шақырым) атты экспедициядан бастапты. 2012 жылы «Еуразиялық тарихи жылқы жолы» (6500 шақырым), 2016 жылы Венгриядан Баку қаласына бағыт алған «Ат үстіндегі Жібек жолы» саяхатында да бой көрсеткен.

-Біздің ата-бабаларымыз мал бағумен айналысқан жартылай көшпенді әрі өте жауынгер халық болған. Бір кездері біз де жартылай көшпелі өмір сүрдік. Сондықтен мен де досыммен бірге аталарымыздың жолын жалғауды жөн көрдім, - дейді Иштван Бенце.

Венгриялық қонақтарға облыс басшысы Ералы Тоғжанов «Маңғыстау» өңірінің фотоальбомы мен Экспо-2017 көрмесінің бойтұмарын табыстап, сәт сапар тіледі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


20.07.2017
22:00:47
31
Ақтау гарнизоны шекарашылары 20 шілдеде Қазақстан Республикасы ҰҚК  Шекара қызметі құрылуының 25 жылдығын атап өтті.…
20.07.2017
19:48:52
40
ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың  «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның…
19.07.2017
23:09:38
89
Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде мұнай және газ саласына инвестиция тарту мақсатында облыс әкімі Ералы Тоғжанов…
19.07.2017
22:48:36
82
Маңғыстау облысының әкімдігінде аймақ басшысы Ералы Тоғжанов  Карате-додан Азия Чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар…
18.07.2017
18:38:24
177
Маңғыстау облысының әкімдігінде аймаққа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес отырысы өтті.…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz