Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстаудың ауыл шаруашылығын дамытудың басымдықтары

13.06.2017
15:40:20
225

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  Маңғыстау экономикалық кеңесінің отырысы өтіп, онда агроөнеркәсіптік  кешеннің даму келешегі қаралды.

  Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы туралы облыс әкімінің орынбасары, МЭК жұмыс тобының төрағасы Рақымбек Әміржанов баяндады.

 –2017 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2 млрд. тенге сомасына өндіріліп, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі-105,9% құрап отыр. Ірі қара мал – 21,1% (19,9 мың басқа),қой мен ешкі –  4,7% (526,5 мың басқа),  жылқы – 10,2% (84,6 мың басқа), түйе – 7,9% (63,2 мың басқа) өскені байқалады, - деп айтты Рақымбек Әміржанов.

  Отырысқа қатысушылардың және МЭК мүшелерінің назарына 9 жоба ұсынылды. Атап айтқанда, бекіре тұқымдас балықтарды өсіру, құс фабрикасы, көкөніс сақтау кешендерінің құрылысы, ауыл шаруашылығы қажетіне әлсіз минералданған  жер асты суларының қорын барлау және қайта бағалау бойынша жобалар, «Ешкі фермасы» ауыл шаруашылығы кәсіпорнын құру, жылыжай кешенін салу бойынша бірнеше жобалар және қымыз бен шұбат өндіру цехының құрылысы секілді жобалардың таныстырылымы болды. 

  Таныстырылым барысында кәсіпкерлер жобаларды іске асыру кезінде туындаған мәселелерін алға тартты.  Ол негізінен инфрақұрылым, яғни су, газ, электр қуаты, сондай-ақ субсидиялау мәселелері болды. Жобаларды талқылау барысында аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыс әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашевке 3 күннің ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мәселелері бойынша кеңес өткізу, сондай-ақ  облыс әкімінің орынбасары Рақымбек Әміржановқа барлық туындаған мәселелер бойынша қызметтік тексеру жүргізіп, мәселені шешу туралы нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандарының  ауыл шаруашылығын дамыту бағытында резервтік талдау жасау тапсырылды.

­– Агроөнеркәсіптік кешен – бұл қазіргі уақыттағы өзекті мәселелердің бірі.  Ауыл шаруашылығын дамытуға аса зор мән беріліп, еліміздің барлық деңгейінде қолдау көрсетіліп келеді. Маңғыстау өңірі үшін азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі көкейкесті болып тұр. Агроөнеркәсіптік кешеннің өнімдеріне қажеттілік бар. Ауыл шаруашылығын және аймақтағы АӨК  дамыту әбден дәлелденген. Біз инвесторлар іздейміз, ал жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетті мүмкіндіктері мол. Біз сіздердің әрбір ұсыныстарыңызды қарауға және жобаларыңызды іске асыруға қолдауға көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Кездесу барысында бизнес өкілдері келелі мәселелер көтеріп, аймақтың ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар берді.  Мәселен, АӨК дамыту бойынша оқу орталығын құру, тамшылатып суару механизмін жақсарту, жүнді қайта өңдеу, жүнді ірі өңдеу және етті өңдеу, құдықтарды дамыту. 

Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімі Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдар басшыларына, қалалар мен аудандар әкімдеріне ұсынылған және олардың аумағында іске асырылып жатқан жобаларды жеке бақылауына алуды және аталмыш жобалардың сәтті іске қосылуына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


20.06.2017
11:59:43
109
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында партия төрағасы Ералы Тоғжановтың қатысуымен мәжіліс өтті. Отырыста…
20.06.2017
11:32:06
200
19 маусым күні облыстық әкімдікте облыс әкімінің Ералы Тоғжановтың төрағалығымен  кезекті аппарат мәжілісі өтті. Аймақ…
19.06.2017
22:11:15
180
  19 маусым күні «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасында өткен «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында Маңғыстау…
18.06.2017
20:25:54
222
Бүгін Ақтауда медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, облыс…
14.06.2017
17:18:09
299
Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары, қалалар мен аудан әкімдері, сондай-ақ, спорт ұйымдары басшылары…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz