Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Қазақстан Президенті «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалы кешенін аралап көрді

31.05.2017
14:35:57
1365

Мемлекет басшысына жолаушылар жүрдек пойыздары қозғалысын дамыту бағдарламасының іске асырылуы жөнінде, сондай-ақ «Вокзал кешені құрылысын қамтитын Астана теміржол торабын дамыту» жобасының орындалу барысы туралы баяндалды.

Қазақстан Президенті инфрақұрылымдық нысанды аралап көру барысында ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз сөйледі.

– Санаулы күндерден соң «ЭКСПО-2017» көрмесі ашылады. Осыған орай бүгін елорданың жаңа нысандарын аралап көрдім. Бұл жаңа құрылыстар – Астананың мақтанышы. Бүкіл Еуропа мен Азияны түгелге жуық қамтитын жаңа әуе бағдарлары пайда болуда. Жаңа нысандар бас қаламыздың жаңа келбетін айшықтайды. «Нұрлы жол» вокзалы – бірегей нысан, посткеңестік кеңістікте мұндай вокзал жоқ, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Астанадан еліміздің барлық өңіріне жоғары жылдамдықпен жеткізетін «Тальго» пойыздарының жүре бастағаны жақсы жаңалық екеніне тоқталып, инфрақұрылым және көлік саласындағы дамуымыздың қарқын ала түскенін атап өтті.

– Осының барлығы мемлекетіміздің болашағы үшін жасалуда. Бұл жобалар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жаңа терминалды іске қосу арқасында әуежайдың жолаушыларды өткізу мүмкіндігі жылына үш миллионнан сегіз миллион адам мөлшеріне дейін артады. «ЭКСПО-2017» көрмесінің барлық қонақтары Астанаға осы жаңа нысандар арқылы келеді, – деді Қазақстан Президенті.

***

Вокзал кешені – жалпы алаңы 126 мың шаршы метр болатын алты деңгейлі ғимарат. Оған пойыздарды қабылдап-жөнелтетін алты жол жалғасады. Жолаушыларды пойызға отырғызу мен түсіру үшінші қабат арқылы жүргізіледі. Вокзал жолаушылар ағынын, адамдар кезегін, қауіпсіздікті, билетті электрондық тәсілмен сату ісін басқару мен бақылаудың заманауи озық интеллектуалдық жүйелерімен жабдықталған. 

Ақпарат көзі: Аkorda.kz.

13.09.2017
12:33:40
800
Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен экономиканы цифрландыру жөніндегі кеңес барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет…
13.09.2017
12:30:25
796
Кездесу цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес аяқталған соң өтті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы цифрлық экономиканы…
18.08.2017
18:44:31
1647
Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп…
18.08.2017
18:37:13
1635
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дорис Лойтхардқа «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Швейцария ұлттық күнінің ашылуына қатысқаны үшін…
10.08.2017
12:20:11
2154
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz