Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

08.06.2018
19:49:31
1035

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының, «Бес әлеуметтік бастамасының», сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, кәсіпкерлік қызмет туралы жаңа заңның іске асырылу барысымен танысу үшін жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.

Жұмыс сапары барысында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары тексеріліп, облыстың жұртшылығымен, активімен және кәсіпкерлерімен кездесулер өткізді.

«ӨзенМұнайГаз» АҚ нысанында Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды цифрландыру және технологиялық жаңғырту барысымен танысты. Жаңа өндірістік база Болгарияда, Ресейде, Қытайда шығарылған заманауи станоктармен жабдықталғанын атап өту керек, оларды енгізу жөндеу жұмыстарының қуаттылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, мұнда Премьер-Министр мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының стандартталмаған жабдықтарын шығару және жөндеу процесімен танысты. Цех қуаттылығы жыл сайын 400 мың сорғы-компрессор құбырларын, 300 мың сорғы штангілерін, 10 мың тереңдік сорғысын жөндеуге мүмкіндік береді. «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Б. Абайылданов процестерді автоматтандыру және сырттағы ұйымдардың қызметінен бас тарту алдағы жылдары орта есеппен 967 млн теңге көлемінде үнемді қамтамасыз ететінін айтты.

«Өзен Жылуды» аралау кезінде Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында шағын жылу-электр стансаларын кеңейту және жаңғырту нәтижелерімен және 2018–2019 жж. жылу маусымына әзірлік барысымен танысты.

Қазандық директоры Әділбек Рубиловтың дерегінше, 2017 жылдың соңында ЖЭО-де Германияда өндірілген жаңа құбырлар іске қосылған, бұл «МАЭК–Қазатомөнеркәсіп» қызметінен бас тартып, сыртқы тұтынушыларға электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік берген. Бүгінгі таңда шағын ЖЭО тұтынушылардың артуын ескерумен Жаңаөзен қаласының сұранысын қамтиды. Халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді: ол — қаладағы барлығы 245 үй, әлеуметтік нысандар — мектептер, балабақшалар, ауруханалар, сонымен қатар өнеркәсіптік аймақтағы кәсіпорындар.

Үкімет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзендегі политехникалық колледжге барып, онда білім беру жүйесін дамыту барысымен танысып, моноқаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелері бойынша қала активімен және жұртшылығымен кездесу өткізді.

 Премьер-Министрге «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру саласын цифрландыру барысы туралы, атап айтқанда «Е-колледж» және «Mektep.edu.kz» ақпараттық жүйелерін енгізу туралы баяндалды.

Өңір активімен және жұртшылығымен кездесу барысында Әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын, Жаңаөзенде Кәсіпкерлікті дамытудың арнайы жоспарын іске асыру барысы, цифрландыру және қала инфрақұрылымын одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

Жұмыспен қамту, МӘМС жүйесін енгізу, кәсіби оқыту және жастарды еңбекпен қамту, сондай-ақ ШОБ қолдау көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл орайда Президент 24 мамырда қол қойған Кәсіпкерлік қызметті жетілдіру туралы заң ерекше мәнге ие.

Жаңаөзен әкімі Ә. Дауылбаев әлеуметтік-экономикалық даму және алдағы жоспарлар туралы баяндады. 2012–2020 жылдарға арналған қаланы дамытудың кешенді жоспары аясында 116 іс-шараның 53-і орындалды. Жоспардың қалған тармақтары бойынша жұмыстар орындалуда.

Ұлттық экономика вице-министрі А. Жұмағұлов кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы айтып берді. Қазіргі таңда қалада 8113 ШОБ субъектісі тіркелген, онда 21 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық белсенді тұрғындар тобындағы ШОБ үлесі 30% құрайды. Жыл басынан бері 4424 жаңа жұмыс орны ашылған, бұл өткен жылғыдан 521 артық.

Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев өзінің баяндамасында білім саласын дамыту және гранттарды ұлғайту және студенттерді жатақханалармен қамту арқылы білім алудың қолжетімділігін арттыруға байланысты «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру механизмдері мәселелерін қозғады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Әлтаев өз кезегінде еңбек ресурстары ағымы, облыстың жұмыспен қамту өнімділігі бойынша міндеттері, жаңа экономика үшін кадрлар даярлау мен еңбекке жұмылу бойынша Жол картасын бағалау туралы баяндады.

Талқылау барысында қала жұртшылығы мен бизнес өкілдері сөз сөйледі. Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері М. Сарыев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Бекмағанбетов, кәсіпкерлер К. Жалымбетов пен И. Қалдаманов, Жаңаөзен қалалық мәслихатының хатшысы С. Мыңбай, қаланың құрметті азаматы С. Өтеулі денсаулық сақтау жүйесі мен ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту, кәсіпкерлікті кеңейту және басқа да мәселелерді көтерді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


15.06.2018
23:42:08
458
Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
11.06.2018
15:32:00
1047
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.…
08.06.2018
21:01:26
1173
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экнонмикалық дамуына оң баасын берді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс…
08.06.2018
19:49:31
1035
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан…
07.06.2018
12:22:04
1284
Ақтауда мифолог Серік Қондыбайдың 50 жылдығына орай конференция басталды Ақтауда қазақ мифологиясын зерттеудің алғашқы іргетасын…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz