Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов биылғы Жолдаудың негізгі 10 бағыты бойынша нақты тапсырмалар берді

11.01.2018
17:08:52
1397

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы» актив жиналысы өтті. Актив мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттарының депутаттары, қалалар мен аудандар мәслихаттарының хатшылары, құқық қорғау органдарының, облыстық және аумақтық мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, құрметті азаматтар мен ардагерлер, саяси партиялардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жəне жастар қатысты.

Жиын ашылуында облыс әкімі Ералы Тоғжанов биылғы Жолдаудың негізгі 10 бағыты бойынша туындайтын міндеттерді атап өтті.

«1-басымдық. Өңдеу секторын дамыту. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу үлесі қазір 8% -ға жетті. Биыл 78 млрд теңгеге 6 жоба іске қосылады. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылатын жобаларға ерекше назар аударылатын болады.

2-басымдық. Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа тәсілдерін әзірлеу. Жаңа баламалы және «таза» энергия көздерін енгізу үшін баламалы энергия көздерін құруға арналған жобаларды іске асыру жоспарлануда:

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы Күн электр станциясының құрылысы; Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылындағы Жел электр станциясының құрылысы; Мунайлы ауданының Батыр ауылында Күн электр станциясын салу. Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қатты қалдықтарды қабылдау полигонында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

3-басымдық. «Ақылды технологиялар» енгізу арқылы агроөнеркәсіптік секторды дамыту. Осы бағытта облыс бойынша 6 жоба жүзеге асырылмақ: Ақтау қаласында жалпы сыйымдылығы 14,8 мың тонна көкөніс сақтауға арналған 3 қойма; Қарақия, Түпқараған және Мұнайлы аудандарында жалпы ауданы 6,3 га 1550 тонна көкөніс өнімдеріне арналған 3 жылыжай.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажет.

4-басымдық. Бұл көлік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру. Ақтау және Құрық порттарында теміржол көлігінде онлайн тәртібінде тауарлардың қозғалысын қадағалау және олардың транзиті, сондай-ақ кедендік операцияларды оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды кеңінен енгізуді қамтамасыз ету. Сондай-ақ, аудандар мен қалалар әкімдерінің, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының алдына ауыл ішілік және ауыл аралық автомобиль жолдарын қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы уақтылы дайындау тапсырмасы қойылды.

5-басымдық. Құрылыс пен коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. 2017 жылы облыста 833 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 17% -ға көп. Тұрғын үй құрылысының қарқынын жеделдету үшін құрылыс жұмыстарының жаңа әдістерін белсенді қолданып, инфрақұрылымды жаңғырту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің механизмін белсенді тарту қажет.

6-басымдық. Қаржы секторын қайта қосу.Өңірлік деңгейде инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдіру маңызды мәселе. Аймақтың дамуы үшін ірі инвестициялық жобаларды іске асыратын инвесторларға қажетті жағдай жасап,  жан-жақты қолдау көрсету қажет.

7-басымдық. Адами капиталды арттыру. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін жеңілдіктер 16% -ға дейін артты. Зейнетақы жүйесінде толық қызмет мерзіміне байланысты өзгерістер орын алды. Мұғалімдердің жалақысын 30%-дан 50%-ға дейін арттыратын жаңа жүйе енгізілді. Маңғыстау облысында 2017 жылы ақпараттық технология саласы бойынша 50 грант бөлінді. Биыл қажет мамандықтар бойынша жергілікті кадрларды даярлауға тағы 50 грант бөлу жоспарланып отыр.

8-басымдық. Тиімді мемлекеттік басқару. Маңғыстау облысы мен Астана қаласы арасында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша жаңа жоба іске қосылмақ.

9-басымдық. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. Осы мақсатта біз мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, ол жақын арада халыққа ұсынылатын болады.

10-басымдық. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін. «Aқтау серпіні» жаңа бағдарламасының сапалы және тиімді іске асырылуы Ақтау қаласының сапалы дамуына мүмкіндік береді.

  Актив жиынында сөз сөйлеген «Агророст» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрсәуле Жайынбаева Маңғыстау облысында тұңғыш рет фермерлергежердің топырақ жамылғысын сақтап және оны жақсарта отырып, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолданумен сапалы және сандық өсімдік өнімдерін тиісті түрде өсіру үшін кеңес беру қызметтерін ұсынатын, сондай-ақ осы саладағы ғалымдардың қатысуымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға көмектесетін оқу-тәжірибелік орталық ашылатынын мәлімдеді.

  Аймақтағы денсаулық саласын дамытуда айтарлықтай оң өзгерістер орын алуда. Атап айтсақ, облыстық ауруханада кардиохирургиялық орталық ашылып, табысты жұмыс істеуде. Онда жүрек кемістігі бар жаңа туған нәрестелер мен науқастарға ең озық технологиямен кешенді жүрек операциялары жасалады.

  «Эндоскопиялық хирургия жоғары қарқынмен дамып келеді. Осыдан 15 жыл бұрын эндоскопиялық операциялардың үлесі 10%-дан аспаса, бүгінгі күні операциялардың 85%-дан астамы нүктелік тесіктер арқылы эндоскопиялық әдіспен жүргізіледі. Ота жасауда 3D визуализациялауды іске қосуды қолға алып жатырмыз», - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі, Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген, медицина ғылымдарының кандидаты Талғат Естұрғанұлы Мұқантаев.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


21.06.2018
20:21:50
72
Маңғыстау облысы елді мекендерді байланыс желілерімен қамту бойынша көшбасында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қазақтелеком»…
21.06.2018
17:44:21
116
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов CSI консалтингтік компаниясының мамандарымен кездесеіп, бірлескен жобаның атқару механизмін қарастырды.  Сарапшылар…
20.06.2018
19:03:14
225
Ақтауда мектеп бітіруші жастарға арналған «Жастүлек  –  2018» салтанатты шарасы өтті Облыс әкімі Ералы Тоғжанов…
15.06.2018
23:42:08
642
Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті.…
11.06.2018
15:32:00
1245
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz