Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Облыс әкімі Маңғыстау ауданына қарасты ауылдарды дамытудың негізгі мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды

10.01.2018
19:35:39
470

Жаңа жылды Мұнайлы ауданы мен ондағы ауылдарды аралаудан бастаған аймақ басшысының жұмыс сапары Маңғыстау ауданында жалғасты.  Ералы Тоғжанов Қызан ауылындағы 50 орындық дәрігерлік амбулатория, Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп, 80 орындық «Балауса» балабақшасы, 50 орындық спорт кешені сынды бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда Қызан ауылының халық саны 2052 адамға жетті. Ауылда 20 шаруа қожалығы, 7 кәсіпорын мен мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Сондай-ақ, 1 мектеп, 1 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 жабық спорт кешені мен 1 спорт зал бар. Елдімекен газбен және телефон байланысымен толық қамтылған. Ауылда мал шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. Өткен жылы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-қа 90 тонна ет тапсырды. Биыл 60 тонна түйе етін, 12 тонна жылқы етін, 20 тонна қой етін жеткізу туралы екі жақты меморандумға отыру жоспарлануда. Сондықтан, облыс әкімі Ералы Тоғжановтың негізгі сұрақтары мал өсіруді дамыту мен жем-шөп жеткізуге байланысты болды.

«Бірнеше қожалықтың басын біріктіріп, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жұмыстарын жандандыруға болады. Қызан ауылында мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бар. Қазір облыс бойынша ауыл шаруашылығын дамытатын үлкен жобалар қолға алынуда. Соның ішінде мал шаруашылығы осы Маңғыстау ауданымен тікелей байланысты деп ойлаймын.

Ауыл шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып, малға қажетті жем-шөп пен мал өнімдеріне байланысты бірқатар жайттарды қолға алуды тапсырамын», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

  Облыс әкімінің алдында көтерілген тағы бір сұрақ – тұрмыстық қажеттіліктерге арналған су мен ауыз судың тапшылығы. Бұл аймақта су көзі тереңде орналасқан. Сонымен қатар барлық қазылған құдықтағы су ішуге жарамсыз. Қызан ауылының тұрғындары ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша қаражат бөлуді сұрады. Облыс әкімі жауапты органдарға ауыл тұрғындарының барлық ұсынысын қарауды және олардың шешу жолдарын баяндауды тапсырды.

  Аймақ басшысы 1467 тұрғыны бар Ақшымырау ауылын аралады. Ауылда 22 шаруа қожалығы бар. Елдімекен төрт түліктен бөлек құс өсірумен де айналысады.  Тіркелген ауыл шаруашылық техникаларының саны – 15. Ералы Тоғжанов  Ә. Тобанияз атындағы орта мектептің, «Айгөлек» балабақшасының, «Қаралда Балуан» атындағы спорт кешенінің, Ақшымырау ауылдық мәдениет үйінің жұмыстарымен танысты. Облыс әкімі спортты дамытуға, ауыл жастарын спортқа баулуға ден қоюды тапсырды. Аймақ басшысымен кездескен ауыл тұрғындары шаруашылықтардың арасындағы байланыстың сирек екенін алға тарта отырып, кооперативтер құру туралы ұсыныс айтты.

«Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен қойылған сұрақтар ескерусіз қалмайды. Солардың бірі – ет бағасының қымбаттауы. Осыған байланысты арнайы коммуналды нарық құру туралы тапсырма бердім. Соның нәтижесінде алдағы уақытта базарға етті араға делдал салмай тікелей тапсыру жүйесі пайда болады», - деді Ералы Тоғжанов. Ол Тобықты жеріндегі Бекет Ата жер асты мешітімен барып, одан соң Шебір ауылына ат басын тіреді.

Шебір ауылының халық саны – 1 434 адам. 16 шаруа қожалығы, 1 орта мектеп, 1 мектеп-интернаты, 1 балабақша бар.

Облыс әкімі «Шебір» ауылдық амбулаториясының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді тапсырды.  Амбулатория тәулігіне 40 адамға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов150 орындық ауыл клубы мен спорт кешеніне барды. Шебір ауылының әлеуметтік-экономикалық жай-күйімен танысқан облыс әкімі ауылға қажетті мамандарды тартуды және оларға қолдау көрсету керектігін атап өтті. Шебір ауылында қажетті мамандарға арналған тұрғын үй наурыз айында аяқталады деп күтілуде. Ауылдағы өзекті мәселе – ауыз су тапшылығы. Аудан бойынша 2017 жылы 7 құдық қазылған. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Шебір ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін әлі де толық қарастыру қажет екенін ескертті.

Тұщықұдық ауылының тұрғын саны – 2 351. Мұнда 34 шаруа қожалығы, 1 орта мектеп, 1 балабақша бар. Қияқты елді мекенінен басқасы газбен қамтылған. Аймақ басшысы  С.Жаңғабылов атындағы орта мектептке, 83 орындық «Нұрай» балабақшасына, 220 орындық мәдениет үйіне барды.

 «Осы уақытқа дейін Маңғыстау ауданына 100-ге жуық хаттамалық тапсырма бердіңіз. Оның басым көпшілігі орындалуда. Атап айтсақ, ауыл ішілік және ауыл аралық жолдарға байланысты жұмыстар басталып кетті. Соның бірі Қияқты-Тұщықұдық жолын асфальттау еді. Ол да жүзеге асуда. Егер жолдардың құрылысы толық аяқталса, ауыл аралық жолдар қатынасы жақсарады», - деді Маңғыстау ауданының әкімі Жармағанбет Қайырмағанбетұлы Айтуаров.

Маңғыстау ауданына қарасты ауылдарды аралаған облыс әкімі ауыз су, мал өнімдері мен жем-шөп, ауылды кең жолақты интернетпен толық қамтамасыз ету, орталық пен ауыл арасындағы және ауыл ішілік жолдарды қалпына келтіру мәселелерін шешу арқылы ауылдарды дамытудың негізгі мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


15.01.2018
13:17:23
242
Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа…
12.01.2018
23:10:40
419
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың ауыл-аймаққа жұмыс сапары жалғасуда. Өңір басшысы Қарақия ауданы мен оған…
12.01.2018
13:15:03
500
Облыс әкімінің жұмыс сапарының үшінші күні Жаңаөзен қаласында жалғасты. Бүгінгі таңда қала халқы 147 500 адамға…
11.01.2018
17:08:52
507
Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы…
11.01.2018
10:45:34
424
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ: ЖАҺАНДЫҚ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК» жолдауына сәйкес еліміздің барлық облыс орталығында,…
Ақпараттық ресурстар
ҚР Президентінің ресми сайты
www.akorda.kz
ҚР Президентінің дербес парақшасы www.personal.akorda.kz
Қазақстан Республикасының Үкiметi
www.government.kz
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі www.primeminister.kz
Қазақстан Республикасының Парламенті www.parlam.kz
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы www.prokuror.gov.kz
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты www.sud.gov.kz
Әділет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі www.adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган басшыларының блог-тұғырнамасы www.blogs.egov.kz
Қазақстан халқы ассамблеясы www.assembly.kz
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі www.egov.kz
Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау www.elicense.kz
Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алулары www.goszakup.gov.kz
Қазақстан Республикасының электрондық үкіметінің төлемдік шлюзі www.epay.gov.kz
Қазақстан Республикасының Ашық үкіметі www.open.egov.kz