Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
Маңғыстау облысы
Облыс әкімдігінің ресми интернет - ресурсы
Ақтауда Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиін өтті
Добавлено: 31.08.2018
Изменено: 31.08.2018
Просмотров: 1395

Бүгін “Абай” атындағы мәдени демалыс кешенінде  Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиін өтті.

Салтанатты жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, әскері қызметшілер және облыс жұртшылығы қатысты.

Ұлтымыздың ұлан- ғайыр тарихынан бастау алған бүгінгі Конституциямыз-Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған, тарихи маңызды құжат. Конституция күні біздің мемлекетіміздің, халқымызыдың ең  ұлықмерекелерінің бірі. Осынау Ата Заңымызға биыл 23 жыл толды.

“ Конституцияның өзекті ережелеріне сүйене отырып, біз, ел тағдыры үшін өмірлік маңызы бар жаңаруларды жүргіздік, нарықтық тұрақты  экономикамызды құрдық. Демократиялық қоғамның негізін қаладық. Казақстан дүние жүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішіндегі лайықты орын алды. Осының бәріне ұлтымыздың Көшбасшысы, Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың дәйекті саяси еркі, сол сияқты Қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігі арқасында қол жеткізгеніміз даусыз. Президентіміздің болашаққа көрсеткен бағдарындағы “Рухан жаңғыру” бағдарламасында да ата -қоныс, тұған ел мен жер, өскен өлкенің қадірін білетін ұрпақ өсіруді ұлтымыздың алдына талап пен міндет қылып қойды. Талапты да, табысты ұрпақ - табысты ұлттың кепілі! Қазақта: “Ел болғын келсе, бесігінді түзе” деген қағидалы сөз бар. Біздің келешек тағдырымызға жауапты бұын жастарымызға рухани құндылықтардың құнын түсіндіру, жүзеге асыру-біздің басты жауапкершілігіміз. Меркелеріңіз құтты болсын! Ата заңның қасиеті мен ғибраты ұрпаққа жұғысты болғай”- деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов.

Іс-шарада облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін  келесі азаматтарды  марапаттады.

Карина Крахина, Анара Сейдалиева, Ардақ Самйлова, Асылбек Есмағанбетов, Инесса Михайлова, Рзагүл Прімбетова, Бибгүль Төлегенова, Николай Белкин, Ербол Әйтенов, Ерлан Макеев, Жанат Керелбаева, Қоснияз Оңғарбаев.

Салтанатты жиін меркелік концерке ұласты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


Маңғыстау облысының әкімі
Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы